ТҮРКІСТАН: Жиһаз шеберханасы мен 5 цех өртке оранды

0
1 102

Отты өшіруге қатты жел мен ауа температурасы да кедергі болған.


ТҮРКІСТАН: Жиһаз шеберханасы мен 5 цех өртке оранды

Түркістан облысы Кентау қаласындағы жиһаз жасайтын шеберханадан өрт шықты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

16 маусым күні сағат 14:40-та Түркістан облысы Кентау қаласы Шорнақ ауылдық округіне қарасты Қосмезгіл ауылындағы жиһаз шеберханасынан өрт шығып, тілсіз жау шеберханаға жақын орналасқан тақтай толы бес цехты қоса шарпыған.

«Тілсіз жауды сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен кезекші кезекшілік-тергеу тобы және жергілікті атқарушы органдардың 138 қызметкері, 34 техника жұмылдырылып, сағат 21.08-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген ҚР ІІМ ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратында.

Сондай-ақ, отты өшіруге секундына 9-12 метр жылдамдықпен соққан қатты жел мен 33 градус ауа температурасы да кедергі болған екен.