ТҮРКІСТАН: Жоғалып кеткен мақтаралдық тұрғын үш аптадан соң табылды

0
1 190

Үйінен дүкенге шығып кеткен ол қайтып оралмаған.


ТҮРКІСТАН: Жоғалып кеткен мақтаралдық тұрғын үш аптадан соң табылды

Түркістан облысының 25 жастағы тұрғыны үш аптадан соң Шымкент қаласынан табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мақтарал АПБ-нің кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 25 жастағы сіңлісі таңертең дүкенге барып келемін деп шығып кетіп, содан қайта үйге оралмағын айтып арызданған. Аталған жайт аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, жоғалған қызды іздеуге байланысты барлық қажетті шаралар жасалады. Жедел-іздестіру шарасына Мақтарал АПБ-нің жеке құрамы және Түркістан облысы мен Шымкент қаласының полиция бөлімдеріне хабар берілді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Мақтарал аудандық тәртіп сақшылары жоғалған қызды 3 аптадан кейін яғни мамыр айының соңында Шымкент қаласынан аман-есен тапты.

Полицейлер табылған қызды үйіне апарып, жақындарына табыстады.

Мақтарал ауданының тұрғыны және оның туыстары аудандық полицейлер мен қызды табуға көмек көрсеткен полиция аға лейтенанты Аят Көшербаевқа кәсіби шеберліктері үшін алғыстарын білдірді.
Естеріңізге салсақ, жыл басынан бері Түркістан облысы Полиция департаментінің криминалды полиция басқармасы мен аудан-қала бөлім қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында 20-дан астам жоғалған азаматтардың ішінде, 9 кәмелет жасына толмаған балалар табылып, ата-аналарына табысталған.
Дереккөз: ТО ПД баспасөз қызметі