ТҮРКІСТАН: Жол бойына жануарлардың муляжы қойылды

0
869

Ірі қара және майда малдың макеттерінің санын арттыру жоспарлануда.


ТҮРКІСТАН: Жол бойына жануарлардың муляжы қойылды

Созақ ауданындағы ең қауіпті саналатын облыстық маңызы бар жолдардың бойына үй жануарларының муляждары орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданындағы ең қауіпті саналатын облыстық маңызы бар жолдардың бойына үй жануарларының муляждары орнатылды. Атап айтқанда, Шолаққорған – Шымкент бағытына 2 дана, Шолаққорған- Түркістан бағытына 1 дана және Шолаққорған -Таукент бағытында 1 дана белгі қойылды. Аталған жолдардарда ірі қара мал көп жүреді. Ірі қара малдың макеті алыстан анық әрі шынайы көрінеді. Бұндай жылдамдықты бәсеңдетуге ескерту жасайтын белгілер ауданда алғаш рет тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қойылып отыр.


"Белгілер жол-көлік оқиғаларының алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында орнатылды. Түйе, жылқы, сиырдың муляжын арнайы мал жайылымы тұсына орнаттық. Себебі бұл аймақтарда ірі қара мал мен көлік соқтыққан жағдайы кездесіп қалады. Алдағы уақытта өз нәтижесін беріп, оқыс оқиғаларды азаяды деп сенеміз", – дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дәулет Құдайбергенов.


Бұл жұмыстар жалғасын тауып, елді мекендер арасында ірі қара және майда малдың макеттерінің санын арттыру жоспарлануда. Мұның барлығы аудан халқына және келуші қонақтарына жол қауіпсіздігін сақтауды ескертіп, оқыс оқиғалардың алдын алуға үлкен септігін тигізеді.