ТҮРКІСТАН: Жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

0
1 056

Жыл соңында 526 нысан, 1 015,9 шақырым жол пайдалануға берілетін болады.


ТҮРКІСТАН: Жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Түркістан облысының оңтүсиік аймақтарында жол жөндеу жұмыстары жүргіп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 364,4 шақырым. 2020 жылы өңірде құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 541 нысан, яғни 1 295,6 шақырым жол мен елді мекен көшелерін қамту көзделген. Жыл соңында 526 нысан, 1 015,9 шақырым жол пайдалануға берілетін болады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай, негізгі басымдық облыс аумағындағы халқы тығыз әрі шекара маңында орналасқан оңтүстік аудандардың (Шардара, Мақтаарал, Жетісай, Келес және Сарыағаш) автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту мәселесіне беріліп жатыр.

Бұл ретте, қазіргі таңда «Түркістан-Шардара» бағытындағы облыстық маңызы бар КХ-8 «Өзбекстан шекарасы-Шардара-Арыс-Темірлан» автомобиль жолының жалпы 162,6 шақырымында және жол бойындағы 8 көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстар аяқталған кезде облыс орталығы мен оңтүстік аудандар арасындағы арақашықтық 120 шақырымға дейін қысқаратын болады. Осы аралықтағы жолдың 145 шақырымы ағымдағы жылы толық аяқталады деп жоспарлануда.