ТҮРКІСТАН: Жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

0
1 154

Тағы да 26 көше жөнделеді.


ТҮРКІСТАН: Жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Ордабасы ауданының көшелері жаңа кейіпке енеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Ордабасы ауданының орталығында Қажымұқан Мұңайтпасов, Тұрар Рысқұлов, Әзімбаев, Жепаев және Тұрманжанов көшелерінде күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Нақтырақ айтсақ, жаңа құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан Темірлан елді мекені Қажымұқан Мұңайтпасов көшесіне мемлекеттік бюджет есебінен жалпы 456 620,8 мың теңге қаржы қарастырылған. Ал жолдың жалпы ұзындығы 1,6 шақырымды құрайды.

Қазіргі таңда бұл көшеде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүйелі түрде атқарылып жатыр. Сонымен қатар, 2500 метр жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жол, 2500 метр веложол, 120 дана торщер, 60 дана жарықтандыру құралдары және 3200 метрге лотоктар орнатылып үлгерген. Одан бөлек, жаңа кейіпке еніп келе жатқан көшенің орта тұсына көріктендіру мақсатында түрлі гүлдер отырғызылып, бапталып отыр.

Айта кетейік 2020 жылдың соңына дейін тағы да осындай 26 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.