ТҮРКІСТАН: Жолаушылар пойыздарында рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылды

0
1 099

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл Агенттігімен жүзеге асырылған «Адал жол» жобасы аясында Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен облыстық көлік бақылау инспекциясының қызметкерлері және арнайы мониторингтік топ мүшелері бірлесіп бірнеше жолаушылар пойызында кезекті рейдтік іс-шаралар жүргізді.


ТҮРКІСТАН: Жолаушылар пойыздарында рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылды

Түркістан облысында жолаушылар пойызында жүргізілген рейдтік іс-шарасы кезінде 271 техникалық бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл Агенттігімен жүзеге асырылған «Адал жол» жобасы аясында Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен облыстық көлік бақылау инспекциясының қызметкерлері және арнайы мониторингтік топ мүшелері бірлесіп бірнеше жолаушылар пойызында кезекті рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Рейд барысында 6 билетсіз жолаушы, 271 техникалық бұзушылықтар анықталып, нәтижесінде заң бұзушылыққа барған жолсеріктерге 3 әкімшілік хаттама толтырылды.

Нақтырақ айтатын болсақ, 6 билетсіз жолаушы №18ж/п Мәскеу-Бішкек бағытындағы пойызында анықталып, жолсерік А.Т.Мусакимовқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 623-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Келесі бұзушылық №55ж/п Көкшетау-Қызылорда бағытындағы пойыздында вагонаралық жарықтың істен шыққаны анықталып, механик Ж.Дауленовке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 4-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылған.

Сондай-ақ, заңсыздық №22ж/п Қызылорда-Семей бағытындағы пойыздында салқын су резервуарларының істен шықаны анықталып, механик А.Қалменұлына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 4-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, «Адал жол» Жобасы аясында Департаментпен жолаушылардың құқықтарын қорғау мақсатында бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.