ТҮРКІСТАН: Жолда келе жатқан 7 автокөлік соқтығысты (видео)

0
805

Зардап шеккендер туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.


ТҮРКІСТАН: Жолда келе жатқан 7 автокөлік соқтығысты (видео)

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы авторассада болған жол апатынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ, деп хабарлайды ERNUR.KZ .

Аталған жол апаты туралы жариялаған "ҚазАвтоЖол" ҰК" баспасөз қызметінің ақпаратында 25 қараша күні сағат 13:00-де Алматы-Ташкент автожолының 787 шақырымында орын алғаны айтылған.

«Алматы-Ташкент автожолының 787 шақырымында 7 автокөлік соғылды. Оқиға 25 қараша күні сағат 13:00 шамасында Түркістан облысының Сарыағаш ауданында болған. Алғашқы ақпарат бойынша, Вольво жүк көлігі алдындағы Toyota Camry көлігіне, одан кейін алдыдағы ГАЗельге соғылған. Қатты соққыдан ГАЗель алдындағы Cobalt маркасындағы автокөлікке соғылды. Осы сәтте ВАЗ 21014 автокөлігіне артында келе жатқан Daewoo Nexia, ал Nexia Matiz автокөлігіне соғылған. Қатарынан 7 автокөлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасында жарақат алғандар жоқ», - делінген "ҚазАвтоЖол" ҰК" баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.