ТҮРКІСТАН: Жолда келе жатқан көлік өртеніп кетті

0
798

Автокөлік толық техникалық байқаудан өткен.


ТҮРКІСТАН: Жолда келе жатқан көлік өртеніп кетті

Жергілікті тұрғынның «Нексиа»» маркалы автокөлігі жолда жүріп келе жатып өртенді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

3 маусым күні Түркістан қалалық ПБ-на жол бойында көлік өртеніп жатқаны бойынша хабарлама түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлердің анықтауынша, жергілікті тұрғын өзінің «Нексиа»» маркалы автокөлігімен жол бойында келе жатып, көлігінің түтін шығып жатқанын байқайды. Содан себебін білу мақсатында түсіп, көліктің алдыңғы бөлігін ашқан кезінде автокөлігі өртеніп кеткен.

Оқиға болған жерге жедел тергеу тобы, Түркістан қалалық өрт сөндіру қызметкерлері келіп, өрт сөндірушілер жылдам әрекет етіп, нақты әрекеттер жасалды. Нәтижесінде өрт дер кезінде сөндірілді.
Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Аталған оқыс жайт Түркістан ҚПБ-на тіркелді. Тәртіп сақшылары автокөліктің құжаттарын тексеру барысында оның техникалық байқаудан өткенін анықтады.