Түркістан: Жолдау - ұстаздардың мәртебесін көтеруге бағытталған

0
2 234

«Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы. Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс. Қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру қажет деп санаймын», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.


Түркістан: Жолдау - ұстаздардың мәртебесін көтеруге бағытталған

Елбасының кезекті Жолдауында «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігін айтты. Бұл құжат мұғалімдер үшін жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалайтынын жеткізді. Сондай-ақ, Президент жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейтілетінін тілге тиек етті.

Елбасының ел халқына жолдаған Жолдауға байланысты Түркістан облысы әкімдігінде өткен брифингте белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы Хазіретәлі Тұрсын бұл білім жүйесіне, ұстаздар қауыма арналған үлкен қолдау екендігін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мұғалім мәртебесін арттыру – адам капиталын құрметтеуге бағытталған құтты қадам. Ұстаздарға мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсетілуі – көңіл қуантады. Бұл тұрғыда мұғалімдер де озық технологияны меңгеріп, білімін жетілдіріп, тәжірибесін арттырып отыруы қажет», - деді Құдайберген Тұрсын.

Сонымен қатар, Президент Жолдауда білім беру мекемелеріне қатысты нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс екендігіне тоқталып, қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа жоғары оқу орнын құру қажеттігін тапсырды.