ТҮРКІСТАН: Жылжымалы бригадалар үй аралап, екпе салып жатыр

0
530

25 медициналық бригада тұрғындарға қызмет көрсетуде.


ТҮРКІСТАН: Жылжымалы бригадалар үй аралап, екпе салып жатыр

Түлкібаста бригадалар құрылып, вакцинация жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданында коронавирус инфекциясына қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында 13 екпе егу пунктерінде 25 медициналық бригада тұрғындарға екпе егу жұмыстарын жүргізуде.


Бұдан бөлек, үш жылжымалы бригада елді мекендерді аралап, үйінен шыға алмайтын тұрғындардың үйіне барып екпе егу шараларын жүзеге асыруда.


Бүгінде Түлкібас ауданында 13 екпе пунктерінде 28 305 аудан тұрғыны екпенің 1-компонентін, 19 673 азамат 2-компонентін алған. Жалпы аудан тұрғындарына «Спутник-V», «QazVac», «Hayat Vax» және «КороноВак» екпелері егілуде. Дәрігерлердің айтуынша, аудан тұрғындары тарапынан коронавирусқа қарсы вакцинаны қабылдау белсенділігі басым.