ТҮРКІСТАН: Зорлық жасау қылмысы бойынша республикада алдыңғы орында

0
1 266

Түркістан облысында сексуалды мәндегі зорлық әрекеттері үшін 21 адам сотталған.


ТҮРКІСТАН: Зорлық жасау қылмысы бойынша республикада алдыңғы орында

Иллюстрияциялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден алынды

ҚР Бас прокуратура мәліметіне сүйенсек сексуалды мәндегі зорлық әрекеттер көбіне Қарағанды, Түркістан, ШҚО-да тіркелген - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жөнінде 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында Ләйлә Сұлтанқызы айтып өтті.

Нақтырақ айтқанда, Түркістан облысы республикамызда зорлық-зомбылық ең көп орын алатын өңірлердің үштігіне кіреді екен. Яғни, Қарағанды - 23, Түркістан - 21, ШҚО – 19 тіркелген. Ал, сексуалды мәндегі зорлық әрекеттері ең аз тіркелген аймақтар Павлодар, Атырау, Маңғыстау облыстарында – 4 факті орын алыпты.

Сонымен қататар, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика мен арнайы есепке алу комитетінің мәліметінше 2017 жылы 348 адам сексуалдық мәндегі зорлық үшін сотталғанын. 2018 жылдың 6 айында сексуалдық зорлық жасаған 176 сотты болған. Олардың 75-і зорлау үшін. Ал, 66 азамат сексуалдық мәндегі зорлық әрекеттері үшін бас бостандығынан айрылып отыр.

Биыл жасы 16 толмай сексуалдық әрекеттер жасаған 6 адам, ал 29 азамат балаларды азғындатқаны үшін сотталыпты.