Түркістанда 100 отбасыға азық-түлік үлестірілді

0
494

Жомарт жандар тарапынан жүргізіліп жатқан игі істер дәстүрге айналып келеді.


Түркістанда 100 отбасыға азық-түлік үлестірілді

Түркістан қаласындағы орталық мешітте қайрымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы орталық Қожа Ахмет Ясауи мешітінде Яссы мөлтек ауданының жомарт азаматтарының мұрындық болуымен қайрымдылық акциясы өтті. Акция аясында аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.


Атап өтсек, қаладағы жомарт жандар тарапынан жүргізіліп жатқан игі істер дәстүрге айналып келеді. Ел азаматтары мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.