Түркістанда 19 ойын алаңшасы қолданысқа беріледі

0
807

40 шаршы метр аумаққа асфальт төселеді.


Түркістанда 19 ойын алаңшасы қолданысқа беріледі

Түркістандағы бірінші шағынауданда 19 балалар ойын алаңшасы қолданысқа беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласының мөлтек аудандарындағы күрделі жөндеу жұмыстары өз нәтижесін көрсетуде. Бүгінде 1-шағынауданның жаңа тынысы ашылып, аумағы абаттандырылған. Онда 25 мың шаршы метр асфальт төселіп, 10 балалар ойын алаңшасы мен стрит-воркаут жасақталды. Сонымен қатар 150 орындық пен 14 бастырмалы демалыс орны орнатылды.


Одан бөлек, жоспарға сәйкес тағы 40 шаршы метр аумаққа асфальт төселеді. Қосымша 200 орындық қойылып, 15 бастырмалы демалыс орны орналастырылады деп күтілуде. Сондай-ақ, тағы 9 балалар ойын алаңшасы мен 2 футбол алаңшасы ел игілігіне беріледі.