Түркістанда 2 тонна наурыз көже дайындалды

0
2 714

Бұл бұрын соңды Қазақстанда болмаған рекорд.


Түркістанда 2 тонна наурыз көже дайындалды

Елімізде індетке байланысты Наурыз мерекесіне арналған біршама іс-шараларды тоқтатқан болатын. Десе де Түркістан қаласына қарасты этноауылға Отырардан арнайы керуен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақ халқының өткенін көз алдына әкелетін этноауылда Наурыз мерекесі ерекше ұйымдастырылған. Кіреберісте қазақтың ұлттық қолөнерін паш ететін көрмеден бастап, аттың құлағында ойнаған қыз-жігіттер, садақ тартқан жауынгерлер, құмай тазы мен қыран бүркіт, қатарынан тізілген киіз үйлер көз тартады.

Түркістан облысына қарасты аудандардан келген өнерпаздардың жүректі тербететін әндері мен мың бұралған билері, домбыраның қос ішегінен төгілген күй мен қазақтың салт-дәстүрін насихаттау мақсатында сахналанған қойылымдар келген қонақтардың көңілін көтерді. Үздік өнер көрсеткен өнерпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

Бұл мерекенің басты жаңалығы - «Наурыз көже». Бұған дейін еш жерде болмаған 2 тонна Наурыз көже пісіріліп, Қазақстанның рекордына енді.
Қазақстанда алғашқы рет 2 тонна Наурыз көже пісіріліп, елге таратылып жатыр. Бұл бұрын соңды Қазақстанда болмаған рекорд. Осы сәт Қазақстанның рекордтар кітабына енеді. Рекордтар кітабы 2 жылда бір рет шығады. 2017 жылы Алматы қаласында 350 келі Наурыз көже дайындалған болатын.