Түркістанда 20-ға жуық отбасыға азық-түлік үлестірілді

0
1 833

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірімділікпен бірлікке!» ұранымен «Сарқыт» қайырымдылық акциясы бастау алды. Қайырымдылық шараға үлес қосуды түркістандықтар да азаматтық борышым деп біледі. Айталық, «Үлес» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Райымжан Қошқаровтың демеушілігімен отбасылық жағдайы аз қамтылған 18 жанұяға азық-түліктер үлестірілді.


Түркістанда 20-ға  жуық отбасыға азық-түлік үлестірілді

Түркістан қаласында «Үлес» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Р.Қошқаровтың демеушілігімен отбасылық жағдайы аз қамтылған 18 жанұяға азық-түліктер үлестірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мұхтар Мұхаммеджан, Түркістан қалалық «Қоғамдық келісім кеңесі» төрағасының орынбасары Шынтемір Жүсіпов сөз сөйлеп, жақсылық жасауға қашан да асық Түркістанда игі істердің тұрақты түрде өткізілуі дәстүрге айналғандығын атап өтті. Сонымен қатар, облыстық ақсақалдар алқасы төрағасының орынбасары Жұмаділла Кішібаев Райымжан Қошқаровтың ақсақалдар алқасының мүшелігіне қабылданғанын мәлімдеп, арнайы куәлік тапсырды. Қонақтар жайылған дастарханнан дәм татып, ата-бабалар әруағына Құран бағышталды. Кеш Фархад Тәжіметовтің патриоттық тақырыптағы шырқалған әндерімен қорытындыланды.