Түркістанда 3 инвестициялық жоба іске қосылады

0
2 545

Құны 1 млрд 554 млн теңге.


Түркістанда 3 инвестициялық жоба іске қосылады

Түркістан қаласында мыңнан астам жұмыс орны ашылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Turkestan» индустриалды аймағында өткен жылы 1 млрд 124 млн.теңгеге 192 жұмыс орнымен 5 жоба іске асырылған болатын. Биыл индустриалды аймаққа жалпы құны 1 млрд 554 млн теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба тартылып отыр. Бұл өз кезегінде жаңа 1026 жұмыс орнын ашатын болады. Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов халық алдындағы онлайн форматтағы жылдық есебінде мәлімдеді.

Сонымен қатар, былтыр Түркістан қаласында 6 кәсіпорын іске қосылып, жалпы саны 47-ге жеткен. Нәтижесінде жаңа 202 жұмыс орны пайда болды. Ал, шағын және орта бизнес субьектілер саны - 10 885-ті құрап, 27 мың адам жұмыспен қамтылып отыр.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы арқылы 505 мың және 250 мың теңгелік грантты - 269 азамат алды. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту» және «Еңбек» бағдарламасы аясында, «Ырыс» МҚҰ арқылы 33 жоба -334 млн 800 мың теңгеге қаржыландырылып, нәтижесінде 61 адам жұмыспен қамтылды»,- деді Рашид Абатұлы.

Айта кетерлігі, бизнесті жүргізуді жеңілдету үшін Түркістан қаласында кәсіпкерлерге арнайы бағыт-бағдар беріп отыратын «Бизнеске арналған Үкімет» орталығы құрылған. Онда кәсіпкерлерге қаржы ұйымына дейін кеңестер беріп, жобаларды сүйемелдеу қызметі атқарылады.