Түркістанда 35 мыңға жуық абонент сапалы электр қуатымен қамтылған

0
317

2023 жылғы жоспарға сәйкес, аталған көрсеткішті 95,2% - ға арттыру көзделген.


Түркістанда 35 мыңға жуық абонент сапалы электр қуатымен қамтылған

Түркістанда биыл 10 мыңға жуық жеке тұрғын үй сапалы жарықпен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында 34 937 абонент сапалы электр қуатымен қамтылған (орташа сағат тұтыну –48,8МВТ). Бұл пайыздық көрсеткішпен есептегенде 94,7% құрайды. 2023 жылғы жоспарға сәйкес, аталған көрсеткішті 95,2% - ға арттыру көзделген.


Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін бүгінде 4 нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылуда. Оның бір нысанында жеке тұрғын үйлерді сапалы электр қуатымен қамту жүргізілсе, 3 нысанда әуе электр желілері кабельдік желіге ауыстырылуда. Жеке тұрғын үйлерге арналған нысан құрылысы аяқталғанда 9929 абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі.