Түркістанда 630 орындық жаңа аурухана салынып жатыр

0
835

1500-ге жуық маман жұмыспен қамтылады.


Түркістанда 630 орындық жаңа аурухана салынып жатыр

Түркістанда жалпы көлемі 156,432 м2 құрайтын емхана салынуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында жалпы көлемі 156,432 шаршы метрді құрайтын 630 орынға арналған көпсалалы облыстық аурухананың қабырғасы қаланып жатыр.

Бас жоба бойынша амбулаторияда 44 жедел жәрдем бөлімі жұмыс жасамақ. Сонымен қатар, ғимаратта жүрек-қан тамырлары реанимациясы, Коронарлық реанимация, IDDIN және күйікті емдеу бөлімдері болады. Жаңа ауруханада одан өзге 16 ота жасау бөлмесі, 13 жоспарлы және 3 жедел медициналық көмек көрсету бөлімдері, 34 жалпы дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді.

Сонымен қатар, аурухананың бой көтеруі жаңа жұмыс орындарының ашылып, жұмыссыздар санын азайтуға да септігін тигізбек. Мәселен, мұнда1500-ге жуық маман жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта іргетасы құйылып жатқан нысанның құрылысын 2022 жылы аяқтау жоспарланған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Түркістан облысында коронавирустың болуы мүмкін екінші толқынына дайындық күшейтілді. Осы орайда әр саланың кері кетіп қалмауы үшін шешім шығарылып, мәселелер талқыланып жатыр.