Түркістанда 80-ге жуық полицейлер марапатталды

0
1 484

Түркістан облысының Полиция Департаменті Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мерекесінің 74 жылдығына арналған салтанатты шара ұйымдастырды.


Түркістанда 80-ге жуық полицейлер марапатталды

Түркістан облысында 7- мамыр Отан қорғаушылар күні және 9-мамыр Ұлы жеңіс мерекесіне орай 80-ге жуық полицейлер марапатталды ERNUR.KZ.

Бүгін, Түркістан облысының Полиция Департаментінің ұйымдастыруымен қалалық Р.Сейтметов атындағы сазды-драма театрында Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мерекесінің 74 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Аталмыш мерекеде, ТО ПД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Б.Халықов арнайы құттықтау сөзін сөйлеп, халықтың мызғымас тыныштығы үшін еңбек етіп, күндіз-түні қызметте жүрген ПД-нің полицейлері мен сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп, жеңіске жетуге ат салысқан ардагерлерге өз лебізін білдірді. Сонымен қатар, ПД-де ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, өмірден озған Ұлы отан соғысы ардагерлерінің рухына бас иіп, тағзым етуге шақырды.

Қос мерекеге орай өздерінің қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін ПД Кадр саясатының бастығы полиция подполковнигі М.Асқаров пен Шардара АПБ-нің бастығы, подполковнигі Аббаз Тұрғынбаев кезектен тыс полиция полковнигі шенін алды. Сондай-ақ, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен КПБ-ның бастығы, полиция полковнигі Құрманбек Сахов марапатталды. Бұдан бөлек, 80-ге жуық полиция қызметкерлеріне төс белгілері мен алғыс хаттары табысталды.

Айтулы іс-шара соңы өнерлі полицейлердің патриоттық әндер шырқауындағы мерекелік концертке ұласты. Көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мерекелік концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылды.