Түркістанда ағаштарды емдеу жұмыстары жүргізіледі

0
564

2019 жылдан бері 327 072 түп ағаш егілген.


Түркістанда ағаштарды емдеу жұмыстары жүргізіледі

Түркістан қаласын көгалдандыру - басты мәселелердің бірі, - деп хабарлайды ERNUR.KZ..

Өңір басшысы Өмірзақ Естайұлының тапсырмасына сай қаланың климаттық көрсеткіштерін жақсарту жолында 2019 жылдан бері 327 072 түп ағаш және 982 705 шаршы метр көгал егілген. Қаланың Бас Жоспарына сәйкес 2021 жылы 80 000 түп ағаш және 122 000 шаршы метр көгал егу жобасы әзірленіп, мақұлданған.

Оның ішінде басымдылық жемісті және ірі жапырақты ағаштарға берілмек. Яғни, алма, шие, өрік пен катальпа, емен, талшын, шынар түп ағаштың 60% пайызы келешекте көлеңке сыйлап, күннің ыстығы мен желден қорғау мақсатында отырғызылуда.

Құрылыс алаңдарын аралау кезінде қаланың климаттық ерекшелігіне байланысты көгалдандырудың ескеру маңызын атап өткен Рашид Абатұлы, абаттандыру жолында атқарылып жатқан жұмыстарға да ерекше көңіл бөлінуін, көгал мен ағаштардың күтімін жоғары деңгейде атқарылуын талап етті. Арнайы арықшалардың да осы мақсатта салынып жатқанын ескере, уақытылы суарылып, қажетті дәрі-дәрмек қолданыла ағаштарды емдеу жұмыстарын атқаруды тапсырды.