Түркістанда алдағы уақытта ақылды аялдамалар қойылады

0
2 410


Түркістанда алдағы уақытта ақылды аялдамалар қойылады

Иллюстрияциялық фото: ғаламтордағы ашық дереккөзден

Түркістанда ақылды аялдамалар салынады – деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұ жөнінде Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Бастар Есқараев айтып өтті.

Жоба «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында «SmartCity» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында жүзеге асады. Биылғы жылы 9 аялдама салу жоспарланған.