Түркістанда әлемдік стандарттарға сай мұз айдыны салынып жатыр

0
770

2022 жылдың соңында ел игілігіне беріледі.


Түркістанда әлемдік стандарттарға сай мұз айдыны салынып жатыр

Түркістанда 1200 адам сыятын мұз айдыны ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімінің тікелей бақылауымен облыс орталығында мұз айдынының құрылысы салынуда. 2 гектар жерде орналасқан әлемдік стандарттарға сай мұз айдыны 1200 адамға есептелген. Заманауи кешен 2022 жылдың соңында ел игілігіне беріледі.


Сонымен қатар, «TURAN» футбол академиясының құрылыс барысын бақылаған өңір басшысы мердігерлермен кездесті. 20 гектар жерде құрылысы басталған футбол академиясының инфрақұрылымы әлемдік стандарттарға сәйкес келеді және мұнда спортшыларға Еуропаның үздік клубтарына сәйкес жағдай жасалады. Жаңа кешенде еуропалық стандартқа сәйкес келетін 11 үлкен және шағын футбол алаңы, жасанды жабын, толық суару және дренаж жүйесі бар. Допинг-бақылау кабинеттері, 300 орындық қонақ үй, спортшыларға арналған монша, 3 мейрамхана, 4 конференц зал, медициналық, массаж кабинеттері, кір жууға арналған жеке блок және ас үймен жабдықталған. Жаттығу залы барлық топтарға арналған жабдықтармен жабдықталған. Футбол академиясының аумағы абаттандырылып, күрделі суару жүйесі жүргізіледі.


Түркістан қаласында ат спорты кешені де салынуда. 35 гектар жерде орналасқан кешенде Поло-клуб, манеж, стендтік атысқа арналған алаңқай, садақ атуға арналған алаң, канал арқылы өтетін көпір мен атпен серуендеу аймағы салынады.