Түркістанда аудан әкімі құрылысшыларға ақ дастархан жайды

0
1 546

Концерттік бағдарлама қойылып, қонақтарға мәдени демалыс ұйымдастырылды


Түркістанда аудан әкімі құрылысшыларға ақ дастархан жайды

ERNUR.KZ. Мақтааралда құрылысшылар күні аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 тамыз – Құрылысшылар күні Мақтаарал ауданында салтанатты түрде аталып өтті. Аудан әкімі Бақыт Асанов ауданның ардагер құрылысшылары мен қызметте жүрген құрылысшылардың басын қосып, ақ дастархан жайды.

Салтанатты жиынды ашып берген аудан әкімі қиындығы зор мамандық иелерін айтулы мерекемен құттықтап, бүгінде белсенді жұмыс жасап жатқан құрылыс компанияларының басшыларына арнайы алғыс хат табыстады. Жиында сөз алған ардагерлер 21 жылдан бері ескерілмей келген мерекені қайтадан қолға алып, арнайы құттықтағаны үшін аудан басшысына ризашылықтарын айтты.


«Өздеріңіз жақсы білесіздер, құрлыс саласы экономикасы дамыған елде ғана қарқын алады. Бұл – нарықтың бұлжымас заңдылықтарының бірі. Бүгінде еліміздің қай түкпіріне барсаңыз да жаңадан салынып жатқан нысандарды көресіз. Демек, бұл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сара саясатымен ел экономикасының тұрақты даму үстінде екенін білдіріп отыр. Мен өзімнің мамандығым құрылысшы болғандықтан, бұл мамандықтың қандай қиын екенін білемін. Жаздың аптап ыстығына, қыстың шіліңгір суығына қарамай еңбек ететін тек қана Сіздерсіздер! Сондықтан, бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық тілеймін. Отбасыларыңыз аман, өмірлеріңіз ұзақ болсын!!!» - деді Бақыт Нәсірханұлы өз сөзінде.

Сондай-ақ, іс-шара барысында аудандық «Мақтаарал» мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарлама қойылып, қонақтарға мәдени демалыс ұйымдастырылды.

Айта кетейік, киелі Мақтаарал ауданында құрылысшы мамандығының маңызы зор. Халқы тығыз орналасқандықтан, әлеуметтік нысандарды, атап айтқанда мектептер, балабақшалар, денсаулық мекемелерінің ғимаратын салу – мұнда үлкен өзектілікке ие.

Бүгінгі таңда аудандағы Мақтаарал ауылдық округіне қарасты 8 елдімекенде газ тарту құрылысының жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, 7 мектеп, 1 емхана бой көтеруде. Негізгі күн көрісі ауылшаруашылығы болып табылатын ауданда 40 мың гектар жердің құнарлығын арттыру үшін ПУИД-2, ПУИД-3 жобалары арқылы тік дренаждарды ұңғымалардың құрылысы мен коллекторларды тазалау жұмыстары да қарқын алған.