Түркістанда азық-түлік жәрмеңкесі өтті

0
1 337

Жәрмеңкеге қаламыздың 12 тауар өндірушілері қатысып, 2 тоннаға жуық 30-дан астам өнім түрі ұсынылды.


Түркістанда азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Түркістанда Отан қорғаушылар күніне орай азық-түлік тауарларына арналған жәрмеңкеcі өтті, ERNUR.KZ.

Ұйымдастырушысы – Түркістан қаласының әкімдігі. Оған қаламыздың 12 тауар өндірушілері қатысып, 2 тоннаға жуық 30-дан астам өнім түрі ұсынылды. Нарық бағасынан 15-20 пайыз төменгі бағада саудаланған тауарлар алушылардың көңілінен шығуға тырысты.

Облыс орталығы Түркістан қаласында азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастырудың игі дәстүрге айналып отыр. Бұл – қала тұрғындары мен ауыл еңбеккерлері үшін өте тиімді. Ең бастысы, экологиялық таза, құнарлы да сапалы өнімдер тұрғындардың денсаулығына пайдалы, баға мәселесінде деқолайлы. Сондай-ақ, жәрмеңке әр аптаның соңында және мереке күндері өтетін болады деп күтілуде.

Жәрмеңке сөрелерінен Түркістан қаласының шаруа қожалықтары мен жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері: ет, сүт, қаймақ, қымыз, шұбат, жұмыртқа, өсімдік майлары, көкөніс пен жемістің сан алуан түрлерін арзандатылған бағада сатып алуға мүмкіндік мол.

9 мамыр «Жеңіс күні» қарсаңында сағат 10.00 мен 15.00 аралығында өз жалғасын табатын жәрмеңке алдағы уақытта тағы да ұйымдастырылатын болады. Өтетін орны мен уақыты жөнінде көпшіліктің назарына қосымша хабарлайтын боламыз.