Түркістанда балаларды 1 сыныпқа қабылдау мерзімі ұзартылды

0
1 094

3800 бала 1 сыныпқа қабылданған.


Түркістанда балаларды 1 сыныпқа қабылдау мерзімі ұзартылды

Түркістан қаласындағы оқушыларды қабылдау мерзімі ата-аналар өтінішімен ұзартылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында балаларды 1 сыныпқа қабылдау науқаны 1 маусымнан басталған болатын. Ата-аналар өтінішіне сәйкес, бұл мерзім 20 тамызға дейін ұзартылды.

Айта кетейік, қажетті құжаттар тізімінен мекен-жай мен медициналық анықтама алынып алынып тасталған. Баланың суреті мен туу туралы куәлігінің көшірмесін ғана электронды түрде https://sakura.turkestan.e-orda.kzhttps://egov.kzсайттары арқылы жіберсе болғаны.

Бүгінгі күнге дейін Түркістан қаласы бойынша 1 сыныпқа қабылдау мақсатында ата-аналардан 4300-ге жуық өтініш түссе, құжаты мен мәліметтерін толық және дұрыс тіркеген 3800 бала білім ошақтарының 1-сыныбына қабылданған. Ал, 500-інің құжаттары қаралым үстінде. Яғни, құжатты дұрыс тіркемеу, басқа мектепке қайта ауыстыру сынды жағдайлар да орын алған. Ондай жағдайда құжаты тексеріледі, дұрыс болмаған уақытта ата-анаға ескертіліп, қайта тапсыруы сұралады.

Айта кетейік, мектепке қабылдау жөнінде өтініш жіберу және толтыру нұсқамасымен жоғарыда көрсетілген сайттардағы бейнеролик арқылы танысуға болады.