Түркістанда "Денсаулық" саябағы салынып жатыр

0
2 112

35 жұмысшы және 7 техника жұмылдырылған.


Түркістанда

Түркістан қаласында "Денсаулық" саябағының құрылысы жүріп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласы Майкотов көшесі бойындағы Модульдік жұқпалы аурулар госпиталі жанында салынып жатқан аллеяның жалпы аумағы 1 гектарды құрайды.

Мұнда балалар ойын алаңшасы, спортпен шұғылдану құралдары қамтылған алаңша және көгал, ағаштар, жарықшам мен орындықтар және автотұрақ болады.

Наурыз айында басталған құрылыс жұмыстары алдағы мамыр айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жалпы, құрылыс алаңында 35 жұмысшы және 7 техника жұмылдырылған.