​Түркістанда ер адам ашынасын азаптап өлтірген

0
1 676

Әбден қызып алған екеуінің әңгімесі барысында масайып алған әйел ашынасын басқа нақсүйерің бар деп кінәлап, өзіне басқа көңілдес еркек іздейтіндігін жайып салған.


​Түркістанда ер адам ашынасын азаптап өлтірген

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан қаласында 41 жастағы ер адам ашынасын азаптап сабап өлтірген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Биылғы жылдың 18 қыркүйек күні денесі әбден азапталып, тілімделген әйелдің мәйіті өз пәтерінен табылған. Түркістан аудандық ІІБ полицейлерінің жедел жүргізген тергеу нәтижесінде 1977 жылы туған күдікті Нұржан есімді Түркістан қаласының тұрғыны күдікті ретінде қолға түскен. 1977 жылы туған күдікті азамат бірден өз кінәсін мойындаған.

Анық болғанындай, 18 қыркүйек күні Нұржан көңілдесінің үйіне барған. Ғашығына дастархан жайған 40 жастағы әйел арақтан ауыз тиюді ұсынады. Сөйтіп екеуі ішімдік ішіп көңіл көтереді. Әбден қызып алған екеуінің әңгімесі барысында масайып алған әйел ашынасын басқа нақсүйерің бар деп кінәлап, өзіне басқа көңілдес еркек іздейтіндігін жайып салған. Көңілдесінің бұл сөздеріне қорланып қаны қарайған Нұржан қолындағы арақтың бос шөлмегімен әйелдің басынан ұрады. Сынған шынымен ашынасының мойнына, арқа тұсы мен санынан бірнеше рет соққылап тастайды. Алған дене жарақаттарынан әйел пәтерінде тіл тарптай кетеді.

"Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен күдіктіні екі ай мерзімге қамау туралы санкция берілді. Оның үстінен ҚР ҚК нің 99 бабы, 1-ші бөлігі, "қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп мәлімдеді Түркістан қаласының тергеу сотының судьясы А.Қосмұратов.