Түркістанда ерлік сабағы өтті

0
910

АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу мен жинаудан мастер-класс өткізілді.


Түркістанда ерлік сабағы өтті

Түркістан облысында әскери-патриоттық клубтар тәрбиеленушілерімен ерлік сабағы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының Түркістан облысы филиалының, облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әскери-патриоттық клубтары тәрбиеленушілерімен ерлік сабағы өткізілді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығы аясында өткізілген іс-шараға Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, полковник Хосай Абраймов, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша төрағасы, полковник Тұрғанбек Бегимов, ХҚТУ-дың оқытушысы аға лейтенант Талапбай Қасенов арнайы қонақ ретінде шақырылды.


Кешті «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының Түркістан облысы бойынша төрайымы Аружан Шекербек жүргізіп отырды. Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Жандос Кулдербаев пен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы, отбасы және жастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Нұркен Аралбеков жастарды еліміздің патриоты болуға шақырды. Келген қонақтар әскери тарихынан сыр шертіп, кешегісі мен бүгінін әңгімеледі. Жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына нақты жауап беріп, оларды әскери болуға шақырды. Ерлік сабағында жастардың рухын көтеретін ұрыс жаттығулары және АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу мен жинаудан мастер-класс өткізілді.