Түркістанда қала күніне орай гала-концерт өтті

0
1 754

Шаһар басшысы Ә.Өсербаев айтулы күндегі ән-шашуға арнайы қатысты.


Түркістанда қала күніне орай гала-концерт өтті

Есім хан алаңында өткенТүркістан қаласының қала күніне арналған кешкі мерекелік гала-концертте жергілікті өнерпаздармен қоса қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі - Заман тобы өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Гала-концертте қала тұрғындарының арасында жастардың саны басымырақ. Бұл қала жастарының қалаға деген сүйіспеншілігін аңғартып, бей-жай қарамайтындықтарына дәлел. Шаһар басшысы Ә.Өсербаев айтулы күндегі ән-шашуға арнайы қатысты.

Заман тобының «Өмір-өзен», «Мені ойла» сынды репертуарындағы түрлі әндерді қосыла шырқаған жастар ұялы телефондарының жарығымен қол бұлғап, ерекше әсер қалдырды. Шара соңы көздің жауын алатын отшашумен қорытындыланды.

Осы орайда қала жастарының пікірін сұрауды жөн көрдік.

Гүлмира Сұлтанбекова, қала тұрғыны:

- Бүгінгі мерекелік бағдарлама тамаша ұйымдастырылған. Әсіресе отшашу кештің шырайын ашты десем болады. Мен Түркістанды, тұрғындарын жақсы көремін. Сондықтан қала күнімен баршаңызды құттықтаймын.

Бибіназ Мұсабек, қала тұрғыны:

Дәстүрге айналған мерекелік кешке жыл сайын құрбыларыммен келіп тұрамын. Қаламыз облыс орталығы атанғалы бері көптеген оңды өзгерістер орын алуда. Сүйікті қаламыздың бұданда көркейе түсетініне сенемін. Өздеріңіз көріп тұрғандай концерттік бағдарламаға келген қала жастары өте көп. Бұл барлығымызға ортақ мейрам.