Түркістанда халықаралық инвестициялық форум өтеді

0
2 058

«Rocket Media communications» негізін қалаушы Майкл Грабнер секілді спикерлер қатысады деп күтілуде.


Түркістанда халықаралық инвестициялық форум өтеді

28 қыркүйек, киелі Түркістан қаласында «КӨНЕ ТҮРКІСТАН – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» атты Халықаралық инвестициялық жəне туристік форумы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумға ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Владимр Пискурев, «RIXOS HOTELS» президенті Фетах Таминджи, «DALHolding» компаниясының басшысы Демирджан Косе, «Golden Camel» компаниясының құрылтайшысы Янг Цие, Туризмнің Еуразиялық Ассоциациясының президенті Рысты Қарабаева, Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары Габриель Котчофа, Тәжікстан Республикасының сауда және экономикалық даму министрі - ұлттық үйлестірушісі Ньематулло Хикматуллозода, Өзбекстан Республикасының инвестициялар мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, ОААЭЫ ұлттық үйлестірушісі Вафаев Шухрат,

Пәкістан стратегиялық зерттеу институтының директоры Халид Махмуд, «Rocket Media communications» негізін қалаушы Майкл Грабнер секілді спикерлер қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Еуропа елдері, Түркия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Малайзия, Пәкістан, Өзбекстан т.б. мемлекеттерден 250-ден астам делегаттар келеді делінген хабарламада.