Түркістанда киберспорттан «Alaman sports» сайысы өтеді

0
525

Турнирдің жүлде қоры – 4 миллион теңге.


Түркістанда киберспорттан «Alaman sports» сайысы өтеді

Алғаш рет Түркістанда киберспорттан «Alaman sports» сайысы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Қазақтелеком» АҚ және Түркістан облысының әкімдігінің қолдауымен 19-20 қараша күндері Түркістан қаласында «Alaman sports» киберспорттық турнирі өтеді. Жарыстың басты ұйымдастырушылары: «ESports Academy» киберспорт академиясы мен Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы. Турнирдің мақсаты – болашақ чемпиондарды тәрбиелеу және халықаралық аренада Қазақстан атынан бақ сынайтын құраманы дайындау.


«Alaman Sports» турнирінің жүлде қоры – 4 миллион теңге. 19 қараша – турнирге дайындық күні болса, 20 қараша – ойын күні болып бекітілген. Жарыста шоу-матч, финал және марапаттау рәсімі болады. Сонымен қатар, EFootball PES (киберфутбол) және StarCraft II (стратегия) түрлерінен финалдық бәсекені өткізу жоспарланған. Жарыс Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде өтеді.


Сонымен қатар, танымал киберспортшылар мен ойын блогерлерінің комментаторлық жасауымен интернет желісінде онлайн көрсетілім (Youtube, TikTok, VK, Twitch) қарастырылған.