​Түркістанда көші-қон тақырыбына арналған ғылыми конференция өтті

0
1 060

Симпозиумның ашылу салтанатына аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, келген қонақтарға алғыс білдірді.


​Түркістанда көші-қон тақырыбына арналған ғылыми  конференция өтті

Түркістан қаласында алғаш рет «Еуразиядағы көші-қон көпірлері» жобасы аясында «Халықаралық Еуразия көші-қон симпозиумы» өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ғылыми конференцияға Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан елдерінің ғалымдары мен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің оқытушы құрамы және студенттері қатысты.

Симпозиумның ашылу салтанатына аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, келген қонақтарға алғыс білдірді. Сонымен қатар, жиында Ыстамбұл Мәдениет университетінің ректоры Ихсан Караман, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің ректоры Болатбек Абдрасилов, университеттің бірінші вице-президенті Женгиз Томар, сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды. Жоғары оқу орнының Өкілетті кеңес төрағасы Муса Йылдыздың айтуынша, әлемде 260 млн-нан астам азамат босқындықта.
Сондықтан конференцияда осы мәселе төңірегінде ғалымдар Еуразия көлеміндегі басқа мемлекеттерде қалып қойған, қиын жағдайда өмір сүріп жүрген босқындардың өз еліне қайтарылуы үшін қандай шаралар қарастырылуы керек екендігі жайлы пікірлерін ортаға салатын болады.
Ғылыми конференция екі күнге жалғасып, үшінші күні қонақтар Қ.А.Ясауи кесенесіне зиярат етпек ниетте.