Түркістанда «Құрылысшылар күні» аталып өтті

0
2 161

2018 жылы облыс аумағында 261 нысан пайдалануға беріледі


Түркістанда «Құрылысшылар күні» аталып өтті

ERNUR.KZ. Облыс орталығының Түркістан қаласына көшірілуі құрылыс саласының дамуына жаңа серпін береді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2018 жылы облыс аумағында ауыл шаруашылығы, тұрғын үй, инфрақұрылым жүйелерін дамыту және әлеуметтік салаларда жүргізіліп жатқан 559 нысанның құрылысы бойынша инвестициялық жобалардың іске асырылуына 111,5 млрд.теңге қаралған. Бұл бағытта жыл соңына дейін 261 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Бұл туралы Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында өткен «Құрылысшылар күні» мерекесіндеоблыс әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков айтып өтті.

Сондай-ақ, құрылысшыларды кәсіби мерекемен құттықтаған Ербол Қуанышұлы облыс орталығының Түркістан қаласына көшірілуі құрылыс саласының одан әрі дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті.

Салтанатты жиында құрылыс саласы еңбек сіңірген біршама азаматтар арнайы марапаттарға ие болып, көпшілік облыстағы құрылыс тауарларын өндірушілердің көрмесін тамашалады.