Түркістанда қысқа мерзімді оқуды бітірген азаматтардың 55 пайызы жұмысқа орналастырылды

0
1 158

Түркістан қаласы. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2018 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды (43209 жұмыссыздар), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызды құрады.


Түркістанда қысқа мерзімді оқуды бітірген азаматтардың 55 пайызы жұмысқа орналастырылды

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасымен» 2018 жылы жұмыспен қамту шараларымен 65087 адамды қамту жоспарланып, 54013 адам қамтылды немесе жоспар 83 пайызға орындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев баспасөз мәслихатын өткізу кезінде мәлімдеді. Аталған басқарманың тоғыз айлық есебі бойынша атқарылған жұмыстары жайлы айтылған брифингке жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
«Қысқа мерзімді оқуды бітірген 3702 адамның 2045 немесе 55 пайызы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Соның ішінде «Әр ауылға өз шебері» акциясы және 6 басым бағыттары бойынша 2200 адам жұмысқа орналасып, өз кәсібімен шұғылдануда. 2018 жылы мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде 28629 жаңа жұмыс орындары ашылатыны жоспарланса, оның ішінде үстіміздегі жылдың 1 қазанына 22423 жаңа жұмыс орындары ашылған Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2018 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды (43209 жұмыссыздар), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызды құрады. Республиканың Солтүстік өңірлеріне халықты өз еркімен қоныс аудару жұмыстары жалғасуда. Аталған кезеңде облысымыздан 263 отбасы 1112 адам қоныс аударып тиісті төлемдерді алуда»,- деді Мұхит Баймұханбетұлы.
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік жағынан қолдау көрсету жайыда назардан тыс қалмады. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілген болатын. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 2018 жылдың 1-шілдесінен бастап, отбасының жан басына шаққандағы табыстары республикалық күнкөріс деңгейінің (28284 теңге) 50 пайызы (14142 теңгеден) төмен тұратын отбасыларына көрсетіледі.
Сонымен қатар, облыста мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны 90 мың адам құрайды. Оның ішінде 6 710 – 1 топтағы, 35 782 - 2 топтағы, 35 838 – 3 топтағы мүгедектер. Ал, 12 668-і 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар. 2018 жылы барлық бюджеттер есебінен 8,6 млрд теңге қаралып, мұқтаж мүмкіндігі шектеулі азаматтар 64 мыңға жуық техникалық көмекші құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтылды.