Түркістанда «Мейірім шуағы» өнер фестивалі өтті

0
1 755

Фестиваль мүмкіндігі шектеулі жандарға арналды.


Түркістанда «Мейірім шуағы» өнер фестивалі өтті

Түркістан қаласы «Арбат» алаңында «Мейірім шуағы» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мерекелік шара өтті, деп хабаралайды ERNUR.KZ.

Осымен он үшінші рет өткізіліп отырған өнер сайысының мақсаты – мүмкіндігі шектеулі дарынды да өнерлі балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсетіп, Отансүйгіштікке баулып, ұлттық рухта тәрбиелеу, өмірге деген құштарлығын мен қоғамдағы белсенділігін арттыру. Аталған шарада балалардың қуанышын бөлісугеТүркістан облысы әкімінің орынбасары С. Қалқаманов, Түркістан қалалық мәслихат депутаты А. Тилепова қатысты. Сондай-ақ қала әкімі Р.Аюпов пен мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев та келіп, қатысушыларға алғыс білдірді. Қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Өнер кешінде Отырар, Созақ, Бәйдібек аудандары мен, Кентау, Түркістаннан қатысқан 75 үміткер ән айтып, би білеп, сурет салып өнерлерін ортаға салды. Дарынды оқушылардың қуанышына ортақтасуға Шымкент қаласының өнерпаздарымен, еліміздің эстрада жұлдызы Қуандық Рахым келіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.