​Түркістанда Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

0
2 061

Мемлекеттік қызмет мектебіне оқу үлгерімі жақсы деген жиырма студент іріктеліп алынды


​Түркістанда Мемлекеттік қызмет мектебі  ашылды

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Мемлекеттік қызмет мектебінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиынға департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев, «Сырдария» университетінің ректоры С.Дайырбеков, университет ректоры Б.Абдрасилов, департамент қызметкерлері оқу ордасының оқытушы құрамы және студенттері қатысты.

«Іс-шараның негізгі мақсаты - жастардың ішінен мемлекеттік қызметке білікті де білімді мамандарды дайындау. Облыс көлемінде аталған ЖОО-да алғашқы болып ашылып жатқан мектепте мем.қызметке қызығушылық танытатын жоғарғы курстың студенттері оқитын болады. Олар келесі жылға дейін теориялық және тәжірибелік дайындық деңгейінен өтеді. Жетісай қаласындағы «Сырдария» университетінің басшылығымен келісіп, екінші Мемлекеттік қызмет мектебін сонда ашу жоспарлануда. Елбасымыз «2019 жылды - Жастар жылы» деп жариялады. Сондықтан жастарға әрдайым қолдау білдіруіміз қажет", - деді департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы.

Жиын барысында университет ректоры Болатбек Серікбайұлы жастарды қолдау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ризашылығын білдіріп, Мемлекеттік қызмет мектебіне оқу үлгерімі жақсы деген жиырма студенттің іріктеліп алынғанын тілге тиек етті.

Басқосу соңында университет президенті мен департамент басшысы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.