Түркістанда мереке орай арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкесі өтіп жатыр

0
1 049

Бағалар базар бағасынан арзан.


Түркістанда мереке орай арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкесі өтіп жатыр

Түркістанда мерекеге орай арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жәрмеңкеде картоптың келісі 75, сәбіз 70, макарон 150, күріш 194, шекер 220, сиыр еті 1250 теңгеден сөрелерге қойылды.

Түркістан базарында 120-150 теңгеден сатылып жатқан пияздар, 1 мамыр мерекелік іс-шарасының барысында ұйымдастырылған жәрмеңкеде 53 теңгеден сатылымға шықты. Сондай-ақ, күнделікті тұтыну тауарлары мен азық-түлік өнімдері нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзандатылып сатылды. Мәселен, картоптың келісі 75, сәбіз 70, макарон 150, күріш 194, шекер 220, сиыр еті 1250 теңгеден сөрелерге қойылды.

Жалпы, бүгінгі күні Түркістан қаласында 14 әлеуметтік дүкен халыққа қызмет көрсетуде. Одан бөлек, мереке және жексенбі күндері облысқа қарасты аудан-қалалардан келген шаруалар өз өнімдерін тұтынушыларға арзан бағамен ұсынып отыр.