​Түркістанда облыстық «Адал жол» марафоны қорытындыланды

0
1 664

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілген шараға марафонның өтуіне үлес қосқан қала, аудан әкімдіктердің өкілдері, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының және арнайы мониторингтік топ мүшелері, үздік бақылаушы, үздік эссе байқауының және волейбол турнирінің жеңімпаздары қатысты.


​Түркістанда облыстық «Адал жол» марафоны қорытындыланды

Түркістанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Ұлттық бюроның Түркістан облысы бойынша департаменттерінің ұйымдастыруымен «Адал жол» марафонының қорытынды форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиында алдымен «Адал жол - Честный путь» марафоны аясында өткізілген іс-шаралар арнайы лед-экрандар арқылы көпшілік назарына ұсынылды.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілген шараға марафонның өтуіне үлес қосқан қала, аудан әкімдіктердің өкілдері, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының және арнайы мониторингтік топ мүшелері, үздік бақылаушы, үздік эссе байқауының және волейбол турнирінің жеңімпаздары қатысты. Жиында облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр құттықтау сөз сөйлеп, облысымызды көркейту мен ел мерейін үстем ету жолында жемқорлыққа бірлесіп тосқауыл қоюға шақырды.

Келесі кезекте «Адал жол» марафонының өтуіне атсалысқан жалынды жастар мен спортшыларға, мемлекеттік қызметшілер және БАҚ өкілдерін бірнеше номинация бойынша дипломдармен марапаттаған департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев өз ризашылығын білдіріп өтті. Сонымен, «Адал жол - Честный путь» марафонының қорытындысы бойынша ең үздік болып Шардара ауданы танылды.

Сарыағаш ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің талантты жастарды қолдау инспекторы Олжас Мамыр жастардың атынан "Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!" деген үндеу жариялады.

Шара соңы жергілікті өнерпаздармен қатар сахнада өнер көрсеткен эстрада жұлдызы Қайрат Түнтеков көрермендердің қошеметіне бөленді.