Түркістанда оқушылар сарайы жұмысын бастады

0
2 936

Мұнда 60-қа жуық үйірме жұмыс істейді.


Түркістанда оқушылар сарайы жұмысын бастады

Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында өз жұмысын таныстыру мақсатында «Ашық есік» күнін өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Білім ордасының тәжірибелі ұстаздары әртүрлі бағыттағы студиялар мен үйірмелердің жұмысымен таныстырды. Оқушылар сарайында жас жеткіншектеріміздің шығармашылық қабілетін дамытып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруына барлық мүмкіндік жасалған. Мұнда 60-қа жуық үйірме жұмыс істейді.

Атап айтсақ, Технопарк, «Sana» IT орталығы, Өнер орталығы (кескіндеме, қолөнер, зергерлік өнер, мүсін және керамика, былғары жұмыстары, суретші), Тіл үйрету орталығы (5 шет тілі), Ғылым орталығы (Республикалық физика-математика мектебіне, Білім инновация лицейіне, Назарбаев зияткерлік мектебіне, Дарын мектептеріне түсу үшін оқушыларды дайындайды), Шығармашылық орталығы (вокал, актерлік өнер, сатира өнері, би, дәстүрлі ән, аспаптарда орындау), шахмат, балалар тележурналистикасы, анимация, фото-бейне түсірілімдерді монтаждау.

Сондай-ақ, 1000-нан аса оқушының қосымша білім алуына мүмкіндік бар. Тұл және жартылай жетім оқушыларға тегін. Көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға жеңілдік қарастырылған.

Айта кетейік, жаңадан бой көтерген Оқушылар сарайының құрылысын «Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қоры» жүргізді. Оқушылар сарайының аумағы 12 мың шаршы метр. Ғимарат заман талабына сай жабдықталған.