Түркістанда «Отбасыңмен он тал ек» эко-акциясы басталады

0
558

Эко-челлендж «Яссы», «Бекзат», «Бірлік», «Сауран», «Шауғар», «Отырар» секторларында өтпек.


Түркістанда «Отбасыңмен он тал ек» эко-акциясы басталады

Түркістанда «Отбасыңмен он тал ек» эко-акциясы басталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда 19 қараша күні сағ 10:00-де «Отбасыңмен он тал ек» эко-акциясы басталады. Облыс орталығында акция аясында алты секторда ағаштар отырғызу жоспарлануда. Эко-челлендж «Яссы», «Бекзат», «Бірлік», «Сауран», «Шауғар», «Отырар» секторларында өтпек.


Атап айтсақ, Тұран ауылы, Барақ сұлтан көшесі бойындағы балалар ойын алаңшасы, Оралман ауылы, І.Қожабаев көшесі мен Т.Бокин көшесіндегі екі қабатты үйлердің ауласы, Отарбаев көшесі, Орынбетов көшесі, Түркістан қалалық балалар ауруханасы, «Ақ жайық» музыкалық мектебі, Түркістан қаласы №1 қалалық емханасы мен «Денсаулық» саябағы, Оқушылар сарайы, А. Байтұрсынов атындағы №1 мектеп лицейі, «Отырар» шағынауданындағы көпқабатты үйлер ауласында және басқа да аумақтарда ағаш егу жұмыстары ұйымдастырылады.


«Былтыр бастау алған акция ұрпақтар сабақтастығын нығайту, қоршаған ортаны қорғауда ұжымдық жауапкершілік қалыптастыру, тұрғындарды табиғатты қорғауға ынталандыруға серпін берді. Акция жас ұрпақ арасында салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдау мақсатында биыл да ұйымдастырылуда», – дейді шараны ұйымдастырушылар.