Түркістанда ретсіз сауда орындары реттеліп жатыр

0
2 017

​Облыс орталығында ретсіз сауда орындары көшіріле бастады.


Түркістанда ретсіз сауда орындары реттеліп жатыр

ERNUR.KZ. Түркістан қаласындағы ретсіз сауда орындары мен белгіленбеген жерлердегі сауда нүктелерін көшіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін қаладағы ретсіз сауда орындарында "Сауда қызметiн реттеу туралы" заңына сәйкес арнайы құрылған топтың рейдтік шаралары түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескерту парақшалары таратылған. Сонымен қатар қала басшысы саудагерлер мен базар басшыларының басын қосып мәжілістер өтікізіп, бұл жұмыстардың заңға сәйкес жүргізілетіндігін ескертіп, түсіндірген болатын.

Қазіргі таңда нақты шаралар қабылданып, "Қуаныш" базарының маңайындағы белгіленбеген орындарда сауда жасаушыларды көшіру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта тек базар маңайында ғана емес қаладағы белгіленбеген жерлердегі сауда нүктелерінің барлығы жойылып, заңсыз құрылыс нысандары бұзылатын болады.

Бұл әрине облыс орталығы болған Түркістан қаласының статусқа сай келбетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың алғашқысы. Бұл ретсіз сауда орындарына қаладағы "Алтынбұлақ", "Яссы", "Дархан" базарларынан арнайы орындар беріледі.