​Түркістанда салық қызметкерлері жемқорлыққа қарсы күрес туралы жиын өткізді

0
2 030

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Қамбатыров салық саласында орын алған қылмыстарға тоқталды.


​Түркістанда салық қызметкерлері жемқорлыққа қарсы күрес туралы жиын өткізді

Ағымдағы жылдың 5 қазанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсыныстарына сәйкес ҚР Қаржы министрлігінің Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен салық саласының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиынға ҚР Қаржы министрлігінің Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы мен салық саласының қызметкерлері қатысты.
Кездесуде сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан, жемқорлық деңгейі жоғары салалардың бірі салық саласы екендігін атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Қамбатыров салық саласында орын алған қылмыстарға тоқталды.
Өз кезегінде, Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ә.Тілегенов ҚР Қаржы министрлігінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Жиын барысында қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыныстар талқыланды.
Кездесу соңында Ғ.Тұрсынбаев қатысушыларға өткізілген кездесуден қорытынды шығаруға және адал аттарына кір келтірмей, еліміздің кемел болашағы үшін бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырды.