Түркістанда серуендеуге арналған веложолдар ұзарып жатыр

0
840

«Тұңғыш Президент саябағында» салынып жатыр.


Түркістанда серуендеуге арналған веложолдар ұзарып жатыр

Түркістан облысының орталығында велосипедпен серуендеу үшін веложолдар салынуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Серуендеуге қолайлы жағдай жасау үшін жасалып жатқан жолдар қазірде Түркістан қаласының аумағындағы бірнеше көшеде төселген.Атап айтқанда, Шәуілдір тасжолына 3 км-ден, Б. Саттарханов даңғылына - 5 км-ден, Тәуке хан даңғылына - 4,5 км-ден екі жақ беттеріне төселсе, С. Қожанов, Байбұрт және Әмір Темір көшелеріне 1,5-2 км веложол жүргізілді.

Сонымен қатар, Гүлдер саябағы, Әуенді субұрқақ маңы, Пирамида тәрізді полиция пункті жаны мен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ және «Visit centre» орталығы жанында да веложолдар бар. Одан өзге, "Тұңғыш Президент саябағы" мен жаңадан салынып жатқан арықшалар жанында да веложолдар жасалып, шақырымы ұзарып жатыр.