Түркістанда Темуридтер мұражайының көрмесі ашылды

0
2 226

Аталған көрме - Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында, сонымен қатар Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылуда.


Түркістанда Темуридтер мұражайының көрмесі ашылды

Түркістанда «Тимуридтер тарихы музейінің жауһарлары» тақырыбындағы фото-кітап көрмесінің салтанатты түрде ашылуы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік мұражайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған көрме - Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында, сонымен қатар Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылуда. «Темуридтер тарихы» мемлекеттік музейі Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың бастамасымен 1996 жылы Әмір Темірдің 660 жылдығына орай құрылған болатын.

«Темуридтер тарихы» мұражайы қорында Өзбекстан тарихын көрсететін бірегей бұйымдар жинақталған. Олардың қатарында түрлі қолжазбалар мен хаттар, алтын, күміс және мыс монеталар, керамикалық, қола және мыс бұйымдары, Әмір Темір және Тимуридтер дәуірінен сыр шертетін жәдігерлер сақтаулы - оның1000-ға жуық түрлері бар. Көрменің мақсаты - өңірлер арасындағы мəдени байланыстарды нығайту жəне мұражай ісін дəріптеу болып табылады.

Көрменің арнайы ашылу салатанатында «Əзірет Сұлтан» қорық-мұражайы директорының орынбасары Серік Үркімбаев қос ел арасындағы құндылықтарды дәріптеуге арналған шараның маңыздылығын ескеріп, қонақтарға алғыс хат және кəдесыйлар мен музейдің баспа өнімдерін табыстады. Өзбекстандық қонақтармен бірге келген тарих ғылымдарының докторы, профессор Абдумажид Мадраимов «Əзірет Сұлтан» қорық-мұражайы кітапханасына «Жемчужины Государственного музея истории Тимуридов» альбом-каталогын және «Адолат ва Қудрат Тимсоли» кітабын сыйға тартты.

Тарихи танымдық көрме көпшілік назарына бір ай көлемінде жұмыс жасайтын болады.