​Түркістанда Төле би туралы тарихи фильм түсіріліп жатыр

0
2 664

Актерлер қауымы тұтастай жергілікті өнерпаздардан құралған.


​Түркістанда Төле би туралы тарихи фильм түсіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Түркістанда Төле би туралы тарихи фильмнің түсірілім жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады 24.kz.

10 сериалды туындыда бабамыздың дүниеге шыр етіп келген сәтінен бастап бала би атанып, билік құрған дәуірі толық қамтылады. Актерлер қауымы тұтастай жергілікті өнерпаздардан құралған.

Қазір тарихи туындының Түркістан жерінде болған оқиғалары таспалануда. 10 сериалы көркемфильмде 9 жасынан бастап билік айтып, әділдігімен көзге түскен бала бидің әдемі сөзге емес, әділ сөзге тоқтай білетіні тамаша көрініс тапқан. Жаугершілік заман болғандықтан, Төле бидің де жастайынан қолына қару алып, әскери өнердің қыр-сырын терең меңгеруіне де тура келді. Фильмде сол дәуірдегі халықтың өмір сүру салты мен тұтас қоғамның шынайы бет-бейнесі анық көрсетіледі.

Кино жергілікті қазынаның қаржысына түсіріліп жатқандықтан, актерлер да – осы өңірдің өнерпаздары. Мәселен, Төленің жігіттік шағын сомдайтын жас актер Абзал Төленов М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 4-курс студенті. Басында би бабаның рөлін ойнау туралы ұсыныс түскенде, қатты қуанған жігіт кейін түсірілім алаңында аздап қиналғанын айтады.

Абзал Төленов, Төле би рөліндегі актер:

Ол кісі өзінен бұрын елді ойлаған. Біз қазір ол кездегі заманды сезіне алмаймыз. Өйткені ол кезде әлеуметтік жағдайдың өзі басқаша болған. Қазір біз жеңіл тұрғыда өмір сүргеннен кейін «Жеті жарғыдағы» жер дауы, жесір дауы, оның бәрін сезінудің өзі қиындау болды. Бүгінде Түркістанда Төле бидің Тәуке ханмен болған кездесулері және осында айтқан шешімдері түсіріліп жатыр. Бұдан кейін киномейкерлер Алматы мен Ташкент қалаларына аттанады. Себебі бұл жерлерге Төле би бабамыздың табаны тиген. Ал тарихи туындының соңы үш жүздің басы қосылған Ордабасы тауында түсіріледі.

Батырхан Дәуренбеков, фильм режиссері:

– Төле би туралы фильмді түсіру мақсатымыз – Ордабасыны көтеру. Ордабасыда үш жүздің басы қосылып, жоңғарларға қарсы мықты соққы беріп, сол кездерді біз көрсетеміз. Осы фильмнің финалында Сабалақ болып жүрген Абылайдың жекпе-жегін көрсетпекшіміз. Және де жоңғарларға берген соққысы сол жердегі билердің халқына айтқан насихатының көрсетеміз. Бүгінде түсірілім жұмыстары бел ортасынан асқан. Бұйыртса, жыл соңына дейін монтаждалып бітеді. Ал көзі қарақты көрерменге келер жылы жол тартады.