Түркістанда Төлеби ауданының мәдениет күндері өтті

0
931

Жез таңдай әншілер әуезді ән шырқап, мың бұралған бишілердің өнері жұртшылықтың қошеметіне бөледі.


Түркістанда Төлеби ауданының мәдениет күндері өтті

Төлебилік өнерпаздар «Түркістан – Түркі әлемінің жүрегі!» атты мерекелік концерт өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс орталығында қала тұрғындары мен туристердің көңілін көтеру мақсатында төлебилік өнерпаздар «Түркістан – Түркі әлемінің жүрегі!» атты мерекелік концерт өткізді. Іс-шара аудандық кітапхана ұжымының дайындаған флэшмоб биімен бастау алып, қонақтар үшін кітап көрмесі қойылды.


Сондай-ақ, қолөнер шеберлерінің бұйымдары және танымал суретшілердің пейзаж суреттері көпшілік назарына ұсынылды. Рухани кеш сахна төрінде аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты. Жез таңдай әншілер әуезді ән шырқап, мың бұралған бишілердің өнері жұртшылықтың қошеметіне бөледі.