Түркістанда тұрғын үй индексі бойынша ақпарат беретін QR кодты тақтайшалар ілініп жатыр

0
2 737

Көп уақыт қызмет етуі үшін мырышталған қаңылтырдан жасалған.


Түркістанда тұрғын үй индексі бойынша ақпарат беретін QR кодты тақтайшалар ілініп жатыр

Түркістан қаласы тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу мақсатында көшелерге арнайы атау жазылған QR код тақтайшалар ілінуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында жыл басынан іске асып жатқан жаңа жүйенің мақсаты - QR код арқылы үйдің КазПочта АҚ тарапынан берілген жеке индексін және amazingturkistan.kz сайтынан хабардар болу болып табылады.

Қазіргі таңда ілінген тақтайшалар саны – 908. Жоспар бойынша тақтайшалар алда Тәуке хан даңғылы,Байбұрт, Әмір Темір жане т.б. көшелерге ілінеді.

Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» ММ-і тарапынан, Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мен Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің келісуімен жүзеге асырылып жатыр. Мекен-жай нөмірі түнде анық көріну мақсатында жарық қайтаратын материалға ультрафиолетті баспа басу арқылы жасалынып жатыр. Және көп уақыт қызмет етуі үшін мырышталған қаңылтырдан жасалған.