Түркістанда туризмдегі үздіктер марапатталды

0
1 058

Биыл тұңғыш рет өткізіліп отырған шараны ендігі кезекте жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі мерекеге айналдыру жоспарланып отыр.


Түркістанда туризмдегі үздіктер марапатталды

Түркістан облысында туризм саласының үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков аталған саланың өңірімізде жылдан жылға қарқынды түрде дамып келе жатқанын айтып, Түркістандағы туризмді дамытуға қызмет етіп жүрген 18 жеңімпаз азаматты он аталым бойынша марапаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Туризмдегі үздіктер - «Туристік дестинацияны дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымын Түлкібас ауданының әкімдігі алса, «Туризм саласының дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясын Кеңесбай Исмаилов, Елена Керхер, Ғани Назарбеков, Роза Шүкеновалар иеленді.
«Тарихи-мәдени туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін» марапатын «Әзірет Сұлтан», «Отырар», «Ордабасы» қорық-мұражайларының ұжымы еншілесе, «Экологиялық туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымын «Ақсу-Жабағылы», «Қаратау» қорықтары, «Сайрам-Өгем» ұлттық паркі және «Сырдария-Түркістан» өңірлік паркі иеленді.
Сондай-ақ, мерекелік басқосуда «Үздік туристік ұйым» - «Жаңа талап груп» ЖШС-не, «Үздік қонақ үй» - «Ханака» қонақ үйіне, «Үздік санаторлы-курорттық мекеме» - «Арай де Люкс» шипажайына, «Үздік демалыс аймағы» - «Алматау» демалыс аймағына, «Үздік мейрамхана» аталымы «Sky» мейрамханасына және «Үздік гид-экскурсовод» атағы Исмаил Омаралиевке табысталды.
Айта кетейік, аталған шараның басты мақсаты – үздік туристік бизнес өкілдерін анықтау және көтермелеу, жылды қорытындылап, туристік индустрия мекемелерін ынталандыру болып табылады.
Биыл тұңғыш рет өткізіліп отырған шараны ендігі кезекте жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі мерекеге айналдыру жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар, өз кезегінде, ішкі және кіру туризмін дамытуға септігін тигізіп, қызмет көрсету сапасының жақсаруына, сапалы туристік өнім қалыптастыруға оң әсерін береді, сонымен бірге, облыстың туристік индустриясының бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі