​Түркістанда "Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалар" конференциясы өтті

0
5 116

Жиынға Түркия мен көршілес Өзбекстан, Әзірбайжан және Украина елдерінің және отандық ғалымдар мен музей ісінің мамандары қатысып, баяндама жасады.


​Түркістанда

Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығына және "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығына орай "ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР" ғылыми-практикалық конференциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Тарихи-мәдени қорық-музейінің мерейлі мерекесіне келе алмаған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының құттықтауын министрліктен келген өкіл Тажиханов Сералы жеткізді.

Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасы жолдауын насихаттау бойынша іссапарда болғанымен арнайы құттықтауын жолдады.

Конференция барысында қорық-музейдің бірқатар қызметкерлері мен БАҚ өкілдері "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдық мерекелік медалімен және арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кетейік, конференцияның мақсаты - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында көрсетілген тарихи-мәдени мұралар мен қасиетті орындарды насихаттау, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың әлемдік мәдениетке қосқан үлесі мен Қазақ хандығының ғасырлар бойы рухани астанасы болып келген Түркістанның орны мен рөлі және отандық музей саласындағы актуалды проблемаларды сараптау, талдауға арналған.

Жиынға Түркия мен көршілес Өзбекстан, Әзірбайжан және Украина елдерінің және отандық ғалымдар мен музей ісінің мамандары қатысып, баяндама жасады.