​Түркістанда заңсыз жарнамалармен күрес басталды

0
1 458


​Түркістанда заңсыз жарнамалармен күрес басталды

Түркістанда «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» акциясы өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің ұйытқысымен облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» акциясы ұйымдастырылады.

Аталған акцияның мақсаты Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасының тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарының орындалуы, көрнекі ақпараттардың, жарнама мәтіндерінің тақырыптық маңыздылығы мен сауаттылығы, эстетикалық безендірілу деңгейін көтеру болып табылады.
Акция барысында бірқатар жарнама иелеріне Заң шеңберінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заңсыз орналастырылған жарнамалық маңдайшалар алынып тасталды.

Ұйымдастырлған «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» акциясына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және белсенді жастар қатысты,
Енді аталған шара Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында өткізілетін болады.

Дереккөз: Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі